Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГ ТОБЫ ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНДА

2018 жылдың 30 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры А.Т.Бердалин Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Жаңақала ауданына барды.

Жұмыс сапары барысында Арман Бердалин Орал магистралды құбырлары басқармасы «Интергаз Орталық Азия» АҚ Жаңақала аудандық газ-транспорттық жүйесі бөлімінің жұмысымен танысып, бөлім ұжымымен кездесті.

Агенттік өкілі Жаңақала аудандық мектеп гимназиясының жұмысымен танысып, ұжымымен кездесті және «Адал ұрпақ» еріктілерінің флэшмобын тамашалады.

Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында аудандық халыққа қызмет көрсету орталығымен жұмысымен танысып, Жаңақала аудандық «НұрОтан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады. Қабылдауға келген әр азаматтардың өтініштері тыңдалып, заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Арман Бердалин Жаңақала ауданының активімен кездесті.

1
0
276

Еще по теме

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГ ТОБЫ ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНДА - Yvision.kz