Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГ ТОБЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА

2018 жылдың 31 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры А.Т.Бердалин Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Сырымауданына барды.

Жұмыс сапары барысында Арман Бердалин Сырым аудандық Қадыр Мырза Әли атындағы орта мектебінің жұмысымен танысып, ұжымымен кездесті және «Адал ұрпақ» еріктілерінің флэшмобын тамашалады.

Агенттік өкілі Сырым аудандық колледжінің жұмыс барысымен және аудандық орталық ауруханада болып, медициналық қызметтердің көрсетілу барысымен танысты.

Сонымен қатар, Алаш-Орда және Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейлерінде болды.

Жұмыс сапары барысында Арман Бердалин Сырым ауданының активімен кездесті. Кездесу барысында Елбасының «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» мақаласына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды тиімді жүргізу үшін қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың, жас ұрпақты тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды.

1
0
396

Еще по теме

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГ ТОБЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА - Yvision.kz