Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГ ТОБЫ АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНДА

2018 жылдың 30 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры А.Т.Бердалин Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Ақжайық ауданына барды.

Жұмыс сапары барысында Арман Бердалин Ақжайық аграрлық-техникалық колледжінің жұмыс барысымен және аудандық орталық ауруханада болып, медициналық қызметтердің көрсетілу барысымен танысты.

Агенттік өкілі «Өркен» коворкинг орталығының және «Рухани жаңғыру» офисінің жұмысымен танысып, ауданның белсенді жастарымен кездесті.

Сонымен қатар, Арман Бердалин Ақжайық ауданының активімен кездесті. Кездесу барысында Елбасының «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» мақаласынан туындаған «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасының аймақтарда жүзеге асырылуына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды тиімді жүргізу үшін қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың, жас ұрпақты тәрбиелеудің маңыздылығына, «Қоғамдық бақылау картасы» және инвесторларды сыбайлас жемқорлықтан қорғау жобаларына тоқталды.

1
0
376

Еще по теме

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГ ТОБЫ АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНДА - Yvision.kz