Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

РЕСЕЙМЕН ШЕКАРАЛАС АУЫЛДАРДА ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕВИЗИЯНЫҢ РӨЛІН КӨТЕРУ ҰСЫНЫСТАРЫ АЙТЫЛДЫ

Бүгін, 2020 жылдың 22 желтоқсан күні ZOOM платформасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер – Снежанна Имашева мен Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер - Асқар Ликеров «Тасқала» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметке және экологиялық салаға қатысты, сонымен қатар, ауыл тұрғындарына берілетін кәсіпкерлік басымдықтар жөнінде мәселелер көтеріліп, сайлаушылардың ұсыныстары ортаға салынды.

Сондай ұсыныстардың бірі, тасқалалық тұрғын - Думан Ғазизден келіп түсті:

- Ресеймен шекаралас тұста орналасқан елді-мекендерде отандық телеарналарға қолжетімділік мүмкін болмай отыр, "Otau Tv" сияқты отандық өнімдер ресейлік "Ямал" секілді эфирлік телевизияның қасында әлдеқайда қымбат, ауыл тұрғындарының қалтасы көтермейді, - дейді тасқалалық тұрғын Думан.

Үміткерлер аталмыш ұсыныстарды сайлау науқаны аяқталмай тұрып құзырлы орындарға жеткізетіндерін айтты.

0
0
137

Еще по теме

РЕСЕЙМЕН ШЕКАРАЛАС АУЫЛДАРДА ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕВИЗИЯНЫҢ РӨЛІН КӨТЕРУ ҰСЫНЫСТАРЫ АЙТЫЛДЫ - Yvision.kz