РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
Референдум бойынша аудандық штаб мүшелері Бөкей ордасы ауданының мәслихат депутаты, мәслихат хатшысы Л.Қайырғалиева, аудандық мәслихат депутаты, "AMANAT" партиясының Бөкей ордасы аудандық филиалының атқарушы хатшысы И.Құрмашев,аудандық мәслихат депутаты М.Мұхамжарова Ш.Жексенбаев атындағы орта мектептің ұжымымен кездесті. Кездесу барысында 5 маусым күні өтетін референдум жөнінде ақпараттар айтылып, Конституцияға ұсынылған түзетулер мен толықтырулар бойынша толық мағлұмат берілді.
#AMANAT
