РЕФЕРЕНДУМ МӘСЕЛЕСІ ТҮСІНІДІРІЛДІ.
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, “AMANAT” партиясының Республикалық партиялық штаб мүшесі Құлшар Мәлік Иманқұлұлы және "AMANAT " партиясының Жәнібек аудандық филиалының атқарушы хатшысы Б.Қуанәлиев, облыстық мәслихат депутаты Е.Илемесов Жәнібек ауылының тұрғындарымен кездесті. Жиында депутаттар Мемлекет басшысының 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлығына байланысты Ата заңдағы өзгерістер мен толықтырулар жөнінде айтты. Тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасылды. Жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамаларды қолдайтынын жеткізді.

