Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ӘРБІР ТҰРҒЫННЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН АРТТЫРУ БАСТЫ МАҚСАТ

Бүгін «Nur Otan» партиясы Отырар аудандық филиалының сайлауалды штаб мүшелері аудандағы медицина саласының қызметкерлерімен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Басқосуда штаб мүшелері еліміздегі саяси жетекші партия «Nur Otan» партиясының алға қойған ұстанымдарының негізі әрбір тұрғынның өмір сүру сапасын арттыру екендігін айтып өтті.

Еліміздегі пандемиялық жағдайға байланысты ақ халатты абзал жандарға үлкен жауапкершілік артылғаны белгілі. Халық денсаулығын жақсартуда дәрігерлердің еңбегі орасан. Осы ретте штаб мүшелері ақ халатты абзал жандарға шынайы алғыстарын айтып, егемен еліміздің мерейлі мерекесімен құттықтады.

Кездесуде дәрігерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, алдағы сайлау науқанында «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Еще по теме

ӘРБІР ТҰРҒЫННЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН АРТТЫРУ БАСТЫ МАҚСАТ - Yvision.kz