Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ӘРБІР ТҰРҒЫННЫҢ ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ – БАСТЫ МАҚСАТ

Пәленшеевтердің отбасында болған үміткерлер тұрғындардың отбасылық жағдайымен танысып, Сарыағаш ауданы бойынша партияның алдағы 5 жылда алға қойған негізгі бағыттарын атап өтті.

«Азаматтар партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде. Сол үшін біз жүйелі бағдарлама жасадық. Өмір сүру сапасын арттыру басты мақсат. Мемлекет белсенді түрде әрбір отбасына тұрғын үйдің қолжетімді болуын қолдайды. Ауданда 4694 адам тұрғын үй кезегінде тұрады. Сарыағаш қаласында 5 көпқабатты 11 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 2 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сол үйлердің барлығы заң аясында кезекте тұрғандарға үйлестірілетін болады. «Nur Otan» партиясы тұрғын үй қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін: 2021 жылы жалпы ауданы 45,72 мың шаршы метр тұрғын үй салуды, 2025 жылға дейін инвестицияларды тарту арқылы Сарыағаш қаласы «Самал» мөлтекауданына жалпы алаңы 398 гектар, Ақжар ауылдық округіне 25 гектар, Дербісек ауылдық округіне 110 гектар жер теліміне тұрғын үй салуға;

Сарыағаш ауданы, Жемісті ауылдық округіне электр бағаналары мен трансформаторды ауыстыру мәселесіне ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай тұрғын үй деңгейі әр тұрғынға шаққанда 19,1 м2 жетіп, тұрғын үймен 1,5 мың отбасы қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр» деп партиялық бағдарламаны ширатып жеткізді Б.Садықов.

Партия барлығына ашық! Сайлаушылардың сындарлы ұсыныстарын қолдауға дайын және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеді.

Кездесуде үміткерлерге сәттілік тілеген ардагер, «Nur Otan» партиясының жеңісі, баршамыздың жетістігіміз. «Nur Otan» партиясына дауыс беруге барша таныстарымды шақырамын деді.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
363

Еще по теме