Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҰРБҰЛАҚТАҒЫ КЕЗДЕСУ

Түлкібас аудандық маслихат депутаттығына кандидаттар Сахитжан Қынтаев пен Рысты Шымырбаева Ұрбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесіп, "Nur Otan" партиясының Cайлауалды бағдарламаларымен таныстырып өтті. Жалпы кездесуде партияның алдағы бес жылда Түлкібас ауданында атқарылатын жоспарлары айтылды. Дамудың жеті басым бағыттары талқыланды. Соның ішінде әсіресе тұрғындардың қауіпсіз өмірі сөз болды. Тұрғындар күрмеуі шешілмей жатқан мәселелерге тоқтап өз ой пікірлерін айтты. Ауылдың көркі, асфальт жолдар, таза ауыз су мәселесі айтылды.

Еще по теме

ҰРБҰЛАҚТАҒЫ КЕЗДЕСУ - Yvision.kz