Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Рамазан айы мүбарак болсын.

Құрметті Зайсан ауданының тұрғындары!

Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Рамазан айы – күллі мұсылман қауымы үшін рухани тұрғыдан жаңару кезеңі, он екі айдың сұлтаны. Тұтқан оразаларыңыз, ізгі ниет-амалдарыңыз қабыл болсын! Ораза айында сыйластық пен мейірім, ізгілік пен кешірім сынды асыл қасиеттер дәріптеліп адамзат баласы көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын береді. Қасиетті айда барлығы қайырымдылық көрсетуге, сауапты іс атқаруға ұмтылады. Міне, осындай мызғымас рухани құндылықтарымыз қоғамымыздағы бірлік пен ынтымақты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

Биыл да Рамазан айы күрделі кезеңге сәйкес келіп отыр. Сондықтан, Сіздерден қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарын мүлтіксіз орындауға шақырамын. Ауызашар кештерін үйде, отбасы мүшелерімен бірге өткізулеріңізді сұраймын. Бұл сынақты береке-бірлікпен, төзіммен еңсеретініміз анық. Ел іргесі тыныш, жұртымыз аман болсын! Күллі әлем күрескен осынау қиын кезеңді бірге еңсерейік! ⠀

Рамазан айы мүбәрәк болсын!

Ізгі тілекпен: аудан әкімі С.Зайнулдин

0
0
221

Еще по теме

Рамазан айы мүбарак болсын. - Yvision.kz