Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ» МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін "Мыңжылқы" мәдениет үйінде «ҚР Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Аудан әкімі Салыхан Полатов салтанатты жиында көпшілікті мерекемен құттықтады.

– Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

​Бұл күн жаңа тәуелсіз мемлекеттің алғашқы президенті Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа деген халықтың құрметінің көрінісі.

Айтулы мерекенің мәні зор, маңызы ерекше.

Елбасы жүргізген салиқалы саясаттың арқасында әлеуетті, қарқынды дамушы мемлекет құруды қамтамасыз еттік, - деді аудан әкімі.

Сондай-ақ, мерекелік жиында аудандық мәслихат хатшысы Бегімбет Байғараев жылы лебізін білдірді. Ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген бірқатар азаматтар, мақтау қағазымен марапатталды. Мәдениет үйі өнерпаздары өнер көрсетіп, жырдан шашу шашты.

0
0
112

Еще по теме