Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Өр рухты Махамбет

Атыраудағы Павлодарлықтардың үшінші күні

 

Салеметсіздер ме, құрметті достар! Бүгін біз сіздерге Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия-биология бағытындағы ең үздік шаңырақ атағына ие болған «Оқжетпес» шаңырағының Индер ауданында алған әсері жайлы баяндағымыз келеді.

Қазағымыздың кең сахарасында тарихи жәдігерлер бар десек, қателеспейміз. Қазіргі таңда Атырау облысында Республикалық дәрежеде қорғалатын 4 тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Оларға Индер ауданындағы «Махамбет Өтеміұлының жерленген жері» де жатады.

Мен - мен едім, мен едім!

Мен Нарында жүргенде

Еңіреген ер едім...

-дегендей, тарихтан белгілі, Махамбет Өтемісұлы халқының мұңын мұңдаған өр ақындардың бірі, Жәңгір ханның екпінімен,Ықылас Тулеев пен Мұса Нұралиннің тепкінімен фәниден бақиға көшті. 1958 жылға дейін Махамбет Өтемісұлының қай жерде жерленгені белгісіз болды. Дегенмен, Құрақ Бектұрған есімді кісінің көмегімен батыр ақынның жерленген жері табылған болатын. Осылайша, өр Махамбет атамыздың жерленген жері Индер ауданында, Қабанбай-Қарақалпақ (одан кейін Қараой) жері болып шықты.

Махамбет Өтемісұлының он екі қырлы болып келетін мазардың салуына ұлутас пен бетон құрылыс материалдары қолданылған болатны. Өр рухты батырдың мазарына кіргенде біз таңғаларлық сезімде болғанбыз,сонымен қатар тарихқа ұңілгендігімізді кештік. Махамбет атамыздың рухына арнап құран бағыштап, ақын шығармашылығынан 3-4 өлеңін оқып шықтық.

Бұл ескерткіш өткеннен мұра ретінде ғасырдан-ғасырға ұласып, салт-дәстүрлерді тірілтіп, бейнелейтін көне шежіре, және оны сақтап қалып, болашақ ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз.

 

Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Blog-ты орындаған: Қабдрахманова Адия 11 – «С» сынып оқушысы

 
0
0
3792

Еще по теме

Өр рухты Махамбет - Yvision.kz