ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ Қ.К.ТОҚАЕВТЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ БӨРЛІ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ
2022 жылдың 22 қазанында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб құрылып, өз жұмысын бастады.
Аудандық қоғамдық штаб жұмысына «AMANAT» партиясы Бөрлі аудандық филиалының Атқарушы хатшысы О.Тулемисов жетекшілік етті. Штаб құрамына еңбек ардагерлері, аудандық мәслихат депутаттары, жастар өкілдері енгізілді.
21 қазан күні сағат 18:00-де сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі басталды. Филиалда барлық ұйымдастырушылық мәселелер шешілді, белсенділер топтары құрылып, “АМАNАТ” партиясы Бөрлі аудандық филиалы атынан сайлауда байқаушы болатын өкілдерге оқу-семинарлар өткізілді. Ауданда сайлау учаскілерінде заң талаптары бұзылған жоқ. Аудан бойынша 34 сайлау учаскесінде “АМАNАТ” партисынан 68 байқаушы қатысты. Аудандық қоғамдық штаб жетекшісі О.Тулемисов Facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шығып, штаб жұмысы туралы желі қолданушыларына ақпарат берді.
Арнайы құрылған желілік кестеге сәйкес барлығы 183 шара өткізілді. Шараларға 35 139 сайлаушылар тартылды. Кездесу барысында штаб мүшелеріне қолдау көрсетілді. Ауданда «Есіктен-Есікке» акциясы өтіп үн парақтар таратылды.
Өткізу барысында кандидаттың сенім білдірілген адамдары үгіт-насихат кезеңіндегі штабтың қызметі мен жұмысы, сайлаудың маңыздылығы және кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасы мен кандидаттың жеке сайтымен таныстырды.
Бөрлі аудандық қоғамдық штабының мүшелері мен кандидаттың сенімді өкілдері Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» атты сайлауалды бағдарламасын насихаттау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын атқарды.
Белсенділер ауданда рұқсат етілген орындар мен келісімі алынған кәсіпкерлік нысандарға арнайы ақпараттық насихат парақтарын іліп, тарату жұмыстарын атқарды.





