ҚР ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНДЕ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІН МЕРЕКЕЛЕУ ТУРАЛЫ
Бүгін Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге арналған жиналыс өткізді. Бұл шараға министрліктің, құрылымдық бөлімшелердің, ведомствоға бағынысты ұйымдардың қызметкерлері қатысты.
