«ҚР МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ» БҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА ЛЕКЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ
2018 жылдың 29 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі Департаментінің директоры А.Т.Бердалин Батыс Қазақстан облысы ҚР мемлекеттік басқару академиясының» БҚО филиалында кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының 2015-2020 жылдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыруда Департамент пен Академия бірлесіп атқарған жұмысы талқыланды.
Арман Бердалин тындаушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда академия жұмысының маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Қабылданып жатқан шаралардың алдымен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жоғарылату, сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауатын көтеруге бағытталған.
