Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚР МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР ГҮЛЖАН МАМЫТҚЫЗЫ — ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА

Бүгінгі Канвассинг кездесуде Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаттығына кандидат Құрманбекова Гүлжан Мамытқызы жүрді. Ол Шұбар ауыл округіне қарасты Тоқсансай елдімекенінің тұрғындары Мамыров Төленнің, Юсупов Әжіханның үйіне барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Алдағы келе жатқан сайлауда белсенді болуға, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

— Еліміз егемендікке қол жеткізгелі бері қыруар істер жүзеге асты. Аудандар мен қалалар, ауылдар көркейіп келеді. Тұғындардың әл-ауқатын арттыру мақсатында түрлі жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздар саны азайып келеді. Инфрақұрылымдық жұмыстар бойынша жолдар асфальтталды, мектептер салынды, еліміздің көп аймақтары газбен, ауыз сумен қамтамасыз етілді. Еңбек етемін, кәсібімді ашамын деген азаматтарға барынша қамқорлық көрсетілді. Осыдан 20-30 жылғы Қазақстан мен қазіргі Қазақстанды салыстыруға келмейді. Еліміздің едәуір алға жылжығанын аңғаруға болады. Бұған болса да «Nur Oran» партиясының ықпалы мол. Елбасымыздың, Мемлекет басшысының салиқалы да жүйелі саясатының нәтижесінде осындай күнге қол жеткіздік. Өзге мемлекеттермен достық қарым-қатынастамыз. Халқымыздың ұйқысы тыныш. Партиямыздың алдағы 5 жылға жоспарлаған бағдарламасында барлығы жан-жақты қамтылған. Ескерілмей қалған ештеңе жоқ. Оған алдағы уақытта өздеріңіз көз жеткізе жатарсыздар, — деді үміткер Гүлжан Мамытқызы.

«Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлиасқар Бердімұрат кандидатпен бірге жүріп, үгін-насихат жұмыстарына атсалысты. Үй иелері ерікті жастардың таратқан үгіт-насихат үнқағаздарымен танысып шықты.

0
0
412

Еще по теме