ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТАЛҒАТ АХСАМБИЕВТІҢ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ НҰРА АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ
ҚР энергетика вице-министрі Талғат Ахсамбиевтің Қарағанды облысының Нұра ауданына жұмыс сапары2014 жылдың 31 қазанында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаттарын түсіндіру жөніндегі ақпараттық-насихаттау тобы жұмысының аясында ҚР энергетика вице-министрі Талғат Ахсамбиевтің Қарағанды облысының Нұра ауданына жұмыс сапары өтті.Іс-сапар барысында Т. Ахсамбиев аудан орталығы Киевка кенті мен Кертінді, Майоровка ауылдарының тұрғындарымен кездесулер өткізді.Өз сөзінде вице-министр Жолдаудың «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі мақсаттарына қол жеткізу үшін кезең-кезеңмен жүргізіліп жатқан саяси шешімдер практикасын жүзеге асыратындығын жеткізді.Т. Ахсамбиев Жолдауда белгіленіп отырған Стратегияны жүзеге асырудың кезеңдерінің ерекшеліктерін атап өтті. Ол Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының негізгі стратегиялық бағыттары, атап айтқанда – инновациялық индустриалдандыруды күшейту, ғылымға сүйенген экономиканы құру, агроөнеркәсіптік кешенді, агломерациялардың, көлік пен энергетиканың инфрақұрылымдарын, шағын және орта бизнесті дамыту, білім беру және денсаулық сақтау салаларын өрістету, сондай-ақ, мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру арқылы адами әлеуетті күшейту мәселелеріне ерекше тоқталып өтті. Сонымен қатар Т. Ахсамбиев қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту, ауаның ластануын азайту, сондай-ақ, энергетикалық тиімділік пен қуат үнемдеуді жоғарылату бойынша жүзеге асырылатын нақты қадамдар жөнінде мәлімдеді. Кездесулер аясында ұйымдастырылған қоғамдық қабылдау барысында жергілікті тұрғындар жеке мәселелерді қозғап, қоғамдық маңызы бар әлеуметтік-экономикалық проблемаларды талқылауға мүмкіндік алды. ҚР энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
