Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Р. Джантлеев топ жарды

Ағымдағы жылғы 12 және 16 тамыз аралығында Омбы қаласының «Сибирский Атлант» клубы, кроссфиттен «SIBERIAN ON-LINE CHALLENGE #1» халықаралық ашық онлайн турнирін өткізді. Сайысқа Қазақстан мен Ресейдің түпкір-түпкірінен жыйылған 30 спортшы қатысты, олардың 12-сі жерлесіміз.

Жарыс екі кешенді кезеңді қамтыды. Алғашқысы ауырлық түсірудің түрлі жаттығуларынан құралса, енді бірі кардио салмақ түсіруден тұрды.

Өңіріміздің намысын қорғап, өзінің спорттық шеберлігінің жоғары деңгейде екендігін осымен кезекті рет дәлелдеген, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті бөлімінің басшысы Р. Джантлеев, сайыс қорытындысы бойынша жүлделі 2-ші орынға ие болды.


«Меніңше, спортпен мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының ғана емес, жалпы еліміздің барлық мемлекеттік қызметшілері шұғылданулары тиіс. Өйткені мұндай шаралардың арқасында мемлекеттік қызметтің беделін арттырумен қатар, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттаймыз. Бұл өскелең ұрпаққа жақсы үлгі болатыны сөзсіз» - деп, Роман Джантлеев өз пікірін білдірді.

 
0
0
336

Еще по теме

Р. Джантлеев топ жарды - Yvision.kz