Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

"Жасанды Интеллект" (Artificial Intellect) туралы курс

Ресейлік "Хакер" журналы өз блогында АҚШ-тағы Стенфорд университеті тарапынан ұйымдастырылып жатқан "Жасанды интеллектке кіріспе" (Introduction to Artificial Intelligence) атты курстың ашылғанын хабарлады. Бұл курс тікелей онлайн түрінде биылғы Қазан айының 10-ы мен Желтоқсанның 18 аралығында өтеді. Сабақ тегін. Бұл курсқа қатысудың екі түрі бар.

Бірі - тек қана қатысып, яғни интернет желісінде өтетін онлайн сабақты тыңдау болса, екіншісі - сабаққа қатысудан және үй тапсырмасын орындап, эмтихан тапсырудан тұрады. Екі жағдайда да арнайы құжат беріледі. "Хакер" журналының айтуынша, сабақты Питер Норвиг пен Себастьян Тран жүргізеді. Питер бұрын НАСА-да қызмет атқарып, "Жасанды Интеллект" туралы оқулық жазған. Ал Себастьян болса, арнайы Google үшін әлемдегі ең мықты роботталған автомобиль құрастырумен айналысады.

Курсқа тіркелу және курс туралы толық ақпаратты мына сайт бойынша аласыздар: www.ai-class.com/registration/

0
0
1091

Еще по теме

"Жасанды Интеллект" (Artificial Intellect) туралы курс - Yvision.kz