«Пятимар» БПҰ есеп беру-сайлау жиналысы
Бүгін "Пятимар" бастауыш партия ұйымының төрағасы Хайрелов Жақсылық Нұрманұлының онлайн форматта есеп беру - сайлау жиналысы өтті.
Күн тәртібінде:
БПҰ-ның 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есеп және алдағы кезеңге арналған міндеттер;
Төрағаны және төрағаның орынбасарларын, қажет болған жағдайда - БПҰ Бюросын сайлау;
Партияның тиісті аудандық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау.
1-ші кезекте "Пятимар" бастауыш партия ұйымының төрағасы Ж. Хайрелов "Nur Otan" партиясының мүшелері мен атқарылған жұмыстары туралы мәлімет берді.
2-ші мәселе бойынша "Nur Otan" партиясы Жаңақала аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Саматов Рухолла Аманғалиұлы сөз сөйледі.
Жаңақала аудандық филиалының конференциясына делегат ретінде аудандық маслихат депутаты Батырова Жанар Сакеновна мен Пятимар ауылының жастармен жұмыс жөніндегі кеңесші маман Нурахметов Махамбет Нурахметович сайланды.
