ПУТИН МӘЛІМДЕМЕСІНІҢ АСТАРЫ...

Қазақстан мен Ресей ақпарат құралдары екі ел Президентінің Қазақстанның мемлекеттілігі және Еуразиялық одақ жайлы мәлімдемелерін шендестіріп, бұдан үлкен саяси астар іздеуде.
Әрине, Путиннің «қазақ мемлекеттігі ешқашан болмады» деуінің астарында үлкен мән бар. «Селигер - 2014» жастар форумында әлдебір жастың көкейін өзге емес, Украинадағы жағдай тескен екен. Ол «Назарбаев кеткеннен кейін, Қазақстанда да Украинадағыдай жағдай қайталана ма?» деп аңқаусып, сауал тастаған. Ресей жастарын алаңдататындай, Қазақстанда қазір «орыс мәселесі» бар ма еді. Жақында ғана Ұлытауда журналистерге сұхбат берген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанда орыс тілінің мәртебесіне ешқандай нұқсан келмейтіндігін қадап айтқан жоқ па? Жалпы, қоғамды кезген империя елесі, Ресейде асқынбаса басылар емес. Дәл осы амбиция Ресейдің екі шылбыр, бір тізгінін Путин алғаннан бері ушығып барады. Ол Грузияны өзін тыңдамағаны үшін, Абхазия және Оңтүстік Осетия деп бөлшектеп, ол республикаларды өз қарамағына алуға әрекет етті. Әзірбайжан мен Армения арасында, Таулы Қарабах мәселесін де ушықтыра бастады, Молдавиядан Приднестревьені бөліп алды. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
