Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПУГАЧЕВ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖОСПАРЫ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ

ПУГАЧЕВ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖОСПАРЫ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер - Мәлік Құлшар, Жаңабек Жақсығалиев және Сәбира Сүндетова Бөрлі ауданы бойынша жасалған іс-сапарлары барысында Пугачев ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу ауылдың мәдениет үйінде өтті.

Аталмыш кездесуге жиналған ауыл халқы үміткерлерге өздерінің сұрақ-ұсыныстарын жеткізді. Бұл орайда, үміткер - Мәлік Құлшар ауылдарды жоғары қызмет сервисімен қамту, ауруханалар мен мектептерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, ауылішілік тас жолдарды қайта қалпына келтіру, жарық үнемдегіш шамдарды орнату шараларын айтып өтті.

Ал, үміткер Жаңабек Жақсығалиев Бөрлі ауданы бойынша 2023 жылы Ақсай қаласында 140 орындық балабақша салу, 13 шағын аудандарда мектептер тұрғызу жөнінде айтты. Аталмыш мектеп құрылыстары Пугачев ауылында да басталатындығын жеткізді.

Тайпақ аудандық ауруханасының меңгерушісі, үміткер -Сабира Сүндетова өз сөзінде ұлт саулығы, ана мен бала денсаулығын қорғау, медициналық саладағы атқарылмақ іргелі шаралар туралы тілге тиек етіп, алдағы бес жылдыққа межеленіп отырған жұмыстарға тоқталды.

Кездесу соңында, мәжіліс депутаттығына үміткерлер ауыл тұрғындарын 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлауға қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Еще по теме

ПУГАЧЕВ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖОСПАРЫ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ - Yvision.kz