Прямой эфир телепередачи «Формула успеха» в рамках проекта «Рухани жангыру»
"Білімнің салтанат құруы"....
Осы тәлімді жасөспірімдерге беріп отырған мекеме бар, ол -Жайық Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасы, білім орталығы емес, бірақ мектеп қабырғасында алған білімін өмірмен ұштастыра жалғастыру орталығы десек те болады. "Рухани жаңғыру" бағдарламасының бір бұтағын жасөспірім бойына сіңіру үшін атқарып жатқан істері жетерлік. Соның бір ісіне бүгінгі кездесуде куә болдым. Мақсатым: "Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстыра отырып, бүгінгі жетістік жолына жетудегі алғы шарттардың қандай болғандығы туралы төңіректе ой бөлісу еді. Мекеме қызметкерлері өз пікірлерімен бөлісе, өздерін толғандыратын сауалдарын да қойды. Бастысы, міндеттері - ел болашағы саналатын жасөспірім- жастарымызды қалай дайындау керектігін нақты білетін ұжым екендігінде. Ия, жеңбейтін қиындық жоқ, тек шешімін бірге табу, іске асыру. #NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz
