Проверка благоустройства территории
Б. Сағынтаев Медеу ауданындағы аумақтарды абаттандыру және жол жөндеу жұмыстарының барысын тексерді
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде Медеу ауданындағы жолдарды жөндеу және қоғамдық орындарды абаттандыру қарқынын тексерді.
Екі шағын ауданда инженерлік және жол инфрақұрылымы мәселелері толық дерлік шешілді. Мұзтау шағын ауданында электр желілері жаңартылып, олар 6-дан 10 кВ-қа ауыстырылды. 17 км су құбыры мен кәріз желісі тартылды, оған 274 үй қосылады. Бейсеуов көшесін жөндеу мен асфальттау жұмыстары аяқталуға жақын. Керей Жәнібек Хандар даңғылынан Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің эко-постына дейінгі жолдың ұзындығы 4,6 шақырымды құрайды.
Б. Сағынтаев 14,6 шақырымға жуық сумен жабдықтау және кәріз желілерінің құрылысы аяқталғаннан кейін жолдар қалпына келтіріліп жатқан Көлсай шағын ауданында болды. Электр желілері қуатты желілерге дейін жаңартылды, бұл электрмен жабдықтау сенімділігін арттырды. 3,7 шақырым жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Балқаш» су қабылдағышынан Көлсай шағын ауданына дейінгі магистральды желі салу бойынша жоба әзірленуде. 310 үй орналасқан 6 көшеге сыртқы жарықтандыру жүргізілді.
Есентай өзенінің бойында, су бөлгіштен бастап, Жамақаев көшесіне дейін денсаулыққа арналған жаяу жүргінші жолын құру жалғасып жатыр. Оның ұзындығы 4,2 км. Жаңа тереңқұр қазірдің өзінде тартымды орынға айналған. Сыртқы жарықтандыру тіректері және шағын сәулеттік пішіндер, соның ішінде қоқыс жәшіктері, орындықтар орнатылады. Мұнда балалар ойын және спорт алаңдары, жаяу жүргіншілер көпірлері мен қарау алаңдары болады. Сондай-ақ ұзындығы 6 км болатын су бөлгіштен Медеуге дейін жаяу жүргіншілер аймағының құрылысын жалғастыру жобасы әзірленуде.
Омарова көшесінде Достық даңғылынан Көктөбеге дейін жаяу жүргіншілер аймағында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар бұл жерде жолды орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Б. Сағынтаев жол жөндеу және абаттандыру бойынша жұмыстардың сапасы мен мерзімін бақылауды тапсырды.
---
Б. Сагинтаев проверил ход ремонта дорог и благоустройства территорий Медеуского района
Во время рабочего объезда аким Алматы Бакытжан Сагинтаев проверил темпы ремонта дорог и благоустройства общественных пространств Медеуского района.
В двух микрорайонах практически полностью решены вопросы инженерной и дорожной инфраструктуры. В мкр. Музтау обновили линии электропередачи, заменив их с 6 на 10 кВ. Проложили 17 км сетей водоснабжения и водоотведения, к которым подключатся 274 дома. Завершается ремонт и асфальтирование улицы Бейсеуова. Протяженность дороги от пр. Керей Жанибек хандар до экопоста Иле-Алатауского Национального природного парка составляет 4,6 км.
Б. Сагинтаев посетил мкр. Кольсай, где ведется восстановление дорог после строительства порядка 14,6 км сетей водоснабжения и водоотведения. Обновлены линии электропередачи на более мощные, что повысило надежность энергоснабжения. Идет восстановление 3,7 км дорог. Разрабатывается проект строительства магистральной линии от водозабора «Балхаш» до мкр. Кольсай. Провели наружное освещение на 6 улицах, где насчитывается 310 домов.
Продолжается создание пешеходной тропы здоровья вдоль русла реки Есентай, от вододелителя до улицы Жамакаева. Ее протяженность - 4,2 км. Новый терренкур уже становится местом притяжения. Устанавливаем опоры наружного освещения и малые архитектурные формы, включая урны, скамейки. Будут обустроены детские игровые и спортивные зоны, пешеходные мосты и смотровые площадки. Кроме того, разрабатываем проект продолжения строительства пешеходной зоны от вододелителя до Медеу протяженностью 6 км.
По ул. Омаровой от пр. Достык до ул. Луганского ведется текущий ремонт пешеходной зоны. Также здесь будет проведен средний ремонт дороги. Аким города поручил проконтролировать качество и сроки проводимых работ.







