ПРИГОРОДНЫЙДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ
«Nur Otan» партиясының қалалық сайлауалды бағдарламасын түсіндірген Мәди Елеусізов, Азамат Үсімбеков, Алмаз Елеуов тұрғындары алдағы сайлауға шақырды. Бағдарламаның жаңашыл бағыттарын хабарлап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Олар партия бағдарламасының бесінші бағытына тоқталып өтті.
- Алдағы жылы қаламызда көптеген мерейтойлар өтеді.
А.Жұбановтың 115 жылдығына, Ә.К.Шоқанұлының 160 жылдығына, М.Г.Арыновтың 85 жылдығына, Ш.Берсиевтың 140 жылдығы келе жатыр. Әрі қарай бес жылға дейін танымал тұлғалардың мейрейтойлары күтіп тұр. Бағдарламада көрсетілгендей қаласызда жыл сайын 600 мың адамды қамтитын 50 мәдени ойын-сауық іс-шараларын өткізуге қолдау көрсетіледі. Біздің партия 2021-2022 жылдарда Г.Жұбанова атындағы филармония ғимаратын қайта жаңартуына, Жаңақоныс Мәдениет үйінің құрылысына көмектеседі. Осылардың қатарында сіздердің аймақта орналасқан мәдениет үйі бар,-деді қалалық маслихат депутаттығына үміткер Мәди Елеусізов.
Айта кетейік, 2022 жылы Пригородный мәдениет үйінің ғимаратына қайта жөндеу жұмыстары жасалады.
