прием граждан
А.ж. 29 наурызында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасымен бірлесіп, мемлекеттік қызмет алу кезінде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Конгресс-холл» концерттік залында азаматтардың қоғамдық қабылдауын өткізді.
Іс-шара аясында әлеуметтік осал топтарға, жұмыссыз азаматтарға мемлекеттік қызметтерді альтернативті түрде алу туралы, мемлекеттік органдардың көрсетілген қызметіне шағымдану жолдары туралы түсіндірілді, сондай-ақ мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған ақпараттық жадынама таратылды.

