Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ – ЕЛ ЕРТЕҢІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МАҢЫЗДЫ НАУҚАН

ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевтың сенімді өкілдері Қабылсай елді мекені тұрғындарына үгіт–насихат кездесуін өткізді.

Арыс қалалық қоғамдық штаб төрағасының орынбасы Амантай Байтанаев, Қайрат Ахметов сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтарға тоқталып, денсаулық сақтау саласының дамуына байланысты мәселелерді қозғады.

Атап айтқанда, кадр тапшылығы, ауылды жерде алғашқы медициналық–санитарлық көмекке қол жеткізу, мадициналық қызметтердің сапасын көтеру мәселелерін шешу бойынша атқарылатын жұмысқа тоқталды. Денсаулық сақтау саласына берілетін қаржы көбейтілетіндігі айтылды. Дәрігер мамандығының беделін арттыру үшін олардың биік мәртебесіне заң жүзінде бекітіледі. Медицина қызметкерлеріне жан–жақты қолдау көрсетіледі.

«Алдағы Президент сайлауы – еліміздің ертеңіне ықпал ететін маңызды науқан. Сондықтан әрбір қазақстандық сайлауға қатысу керек. Отанымыздың болашағы өз қолымызда екенімізді ұмытпайық», – деді қоғамдық штаб төрағасының орынбасары Амантай Байтанаев.

Жиын соңында, штаб мүшелері сұрақтарына жауап беріп, алдағы саяси науқанда белсенділік танытуға шақырды.

#TOQAEV2022

0
0
210

Еще по теме

ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ – ЕЛ ЕРТЕҢІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МАҢЫЗДЫ НАУҚАН - Yvision.kz