Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Пресс-релиз Экологическая борьба с коррупцией

25 октября 2016 года Министерством энергетики Республики Казахстан под председательством Вице-Министра Садибекова Г.К. проведена коллегия по итогам работы Комитета экологического регулирования и контроля за прошедшие 9 месяцев 2016 года.

На повестке дня рассматривались вопросы правоприменения и выработки единого подхода в области экологического регулирования, профилактики нарушений и предлагаемые новшества в законодательстве, направленные на антикоррупционную деятельность.

Так, за отчетный период сотрудниками государственной экологической инспекции выявлено 4639 нарушений экологического законодательства, предъявлено 3652 штрафов, на общую сумму 1, 250 млн. тенге. Предъявлено 1115 ущербов за загрязнение окружающей среды на общую сумму 31,458 млн. тенге.

В ходе реализации функции экологического регулирования оказано 1446 государственных услуг по выдаче разрешений на эмиссии в окружающую среду, выдано 3394 заключений государственной экологической экспертизы.

Совместно с представителями НДП «Нур Отан» рассмотрены вопросы антикоррупционной деятельности.

В целях снижения административных барьеров выработано предложение о внесении изменений в действующее законодательство, согласно которому планируется сокращение сроков рассмотрения и выдачи разрешений на эмиссии для объектов 1 категории с 60 до 15 дней или в 4 раза.

Руководством Министерства дано поручение усилить работу по снижению экологической нагрузки на окружающую среду и повышению эффективности природоохранных мероприятий, выявлению и пресечению нарушений в области охраны окружающей среды, активизации работы совместно с местными исполнительными органами по вопросам сбора, сортировки и переработки ТБО.


Пресс-служба МЭ РК

Баспасөз хабарламасы Экологиялық сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес

2016 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің вице-министрі Ғ.Қ.Сәдібековтың төрағалығымен Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің 2016 жылдың 9 айындағы жұмысының қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті.

Күн тәртібінде экологиялық реттеу саласындағы құқық қолдану және бірыңғай тәсіл қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бағытталған заңнамалардағы ұсынылатын жаңалықтар жөніндегі мәселелер қаралды.

Сонымен, есепті кезеңде мемлекеттік экологиялық инспекция қызметкерлері 4639 экологиялық заңнама бұзушылығын айқындады, жалпы сомасы 1,250 млн. теңгеге 3652 айыппұл тағылды. Қоршаған ортаның ластанғаны үшін жалпы сомасы 31,458 млн. теңгеге 1115 шығын ұсынылды.

Экологиялық реттеу функцияларын орындау барысында қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру бойынша 1446 мемлекеттік қызмет көрсетілді, 3394 мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы берілді.

«Нұр Отан» ХДП өкілдерімен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі қаралды.

Әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы ұсыныс берілді, бұл өзгерістерге сәйкес 1 санаттағы объектілер үшін эмиссияларға рұқсат беру мерзімін 60 күннен 15 күнге дейін, яғни 4 есе қысқарту жоспарланып отыр.

Министрлік басшылығы қоршаған ортаға келтірілетін экологиялық жүктемені азайту және табиғатты қорғау шараларының тиімділігін арттыру, қоршаған орта саласындағы бұзушылықтарды айқындап, алдын алу, жергілікті атқару органдарымен бірлесіп ҚТҚ жинау, іріктеу және қайта өңдеу мәселелері бойынша жұмыстарды жандандыруға тапсырма берді.


ҚР ЭМ Баспасөз қызметі

0
0
261

Еще по теме

Пресс-релиз Экологическая борьба с коррупцией - Yvision.kz