Пресс-релиз АО «КазТрансГаз» увеличивает мощность газопровода «Казахстан-Китай».
Алматинская область 30 сентября 2016г.
Состоялась официальная церемония ввода в эксплуатацию компрессорных станций № 4 и 8 нитки «С» магистрального газопровода «Казахстана-Китай». Работа данных объектов позволит увеличить пропускную способность нитки «С» до 20 млрд. куб.м газа в год. Суммарная производительность всех трех ниток «А», «В» и «С» достигнет 55 млрд. куб.м в год после завершения строительства всех компрессорных станций, которые представляют собой современное, высокотехнологичное оборудования по транспортировке газа.
Новые компрессорные станции оснащены инновационным для газотранспортной системы РК оборудованием от ведущих мировых производителей газотурбинной и компрессорной техники компаний «Rolls-Royce» и «General Electric». Установленные газоперекачивающие агрегаты выполнены по специальному заказу АО «КазТрансГаз» и не имеют аналогов в странах ближнего и дальнего зарубежья. Инновационное оборудование, а также комплекс вспомогательных систем, смогут обеспечить безопасную и технологически бесперебойную транспортировку газа в течение всего периода эксплуатации магистрального газопровода. Кроме этого, при разработке агрегатов учтена и экологическая составляющая, компрессорные станции оснащены системой подавления сухих выбросов, которая обеспечивает минимальный выброс вредных веществ в атмосферу.
Запуская новые объекты в эксплуатацию вице-президент по транспортировке и маркетингу газа АО НК «КазМунайГаз» Кайрат Шарипбаев отметил: «Развитие отечественной газовой отрасли является одним из приоритетных направлений государственной энергополитики. Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев поставил перед нами задачи по расширению экспортных маршрутов, увеличению транзита отечественного газа. Именно поэтому КазТрансГаз уделяет большое внимание расширению экспортных газотранспортных коридоров, внедрению в производство самых передовых технологий, что позволяет не только бесперебойно работать газовым магистралям долгие годы, но и увеличивать объемы транспортировки по мере необходимости. К примеру, вводимые в эксплуатацию компрессорные станции запроектированы с учетом возможности последующего увеличения пропускной способности магистрального газопровода «Казахстан-Китай». То есть в случае строительства 4-ой нитки не придется строить новую компрессорную станцию и тратить на это большие деньги. Останется лишь подключить новую нитку, ведь все отводы мы заложили. Кроме того, предусмотрены газопроводы-отводы, которые обеспечат подключение к газу всех потребителей этих регионов».
Особо следует отметить, что путем применения новейших программных разработок запуск компрессорных станции 4 и 8 осуществлена через удаленный доступ с помошью смартфона.
Напомним, что в прошлом году была введена в эксплуатацию нитка «С» магистрального газопровода «Казахстан-Китай». Маршрут трассы нитки «С» проходит в одном техническом коридоре с нитками «А» и «В» магистрального газопровода «Казахстан-Китай» по Южно-Казахстанской, Жамбылской, Алматинской областям, где производится отбор газа для потребителей этих регионов. Благодаря вводу в эксплуатацию нитки «С», КазТрансГаз отказался от импортного газа, полностью решив проблему дефицита голубого топлива в отопительный период в южных регионах страны.
Ввод в эксплуатацию нитки «С» и функционирование всех 3-х ниток магистрального газопровода «Казахстан-Китай» - является самым крупным международным газотранспортным проектом в истории независимого Казахстана.
СПРАВОЧНО: МГ «Казахстан-Китай» является составной частью транснационального магистрального газопровода «Туркменистан — Узбекистан - Казахстан — Китай», общей протяженностью более 7,5 тыс. км. Длина нитки «С» магистрального газопровода «Казахстан-Китай» составляет 1303 км. Строительство компрессорных станций КС-4 и КС-8 нитки «С» газопровода «Казахстан-Китай» было начато в марте 2014 года и завершено в июле 2016 года. КС-4 расположена вблизи поселка станции Луговой, Т. Рыскуловского района Жамбылской области. КС-8 расположена вблизи поселка Шарын, Уйгурского района Алматинской области. Проектная производительность магистрального газопровода «Казахстан-Китай» после завершения строительства всех объектов достигнет 55 млрд. кубометров газа в год.
Пресс-служба АО «КазТрансГаз» +7 7172 55 23 16
«ҚазТрансГаз» АҚ «Қазақстан-Қытай» газ құбырының қуатын ұлғайтпақ баспасөз-релиз
Алматы облысы 2016 ж. 30 қыркүйек
«Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбыры «С» желісінің № 4 және 8 компрессорлық станцияларын пайдалануға беру ресми рәсімі өтті. Осы объектілердің жұмысы «С» желісінің өткізу қабілетін жылына 20 млрд. текше метр газға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Барлық үш «А», «В» және «С» желілерінің жиынтық өнімділігі газ тасымалдау жөніндегі заманауи, жоғары технологиялық жабдықтарды білдіретін барлық компрессорлық станциялардың құрылысы аяқталғаннан кейін жылына 55 млрд. текше м-ге жетеді.
Жаңа компрессорлық станциялар ҚР газ тасымалдау жүйесі үшін «Rolls-Royce» және «General Electric» компанияларының әлемдегі жетекші газтурбиналық және компрессорлық техникасын өндірушілерден алынған инновациялық жабдықпен жарақталған. Орнатылған газ айдаушы агрегаттар «ҚазТрансГаз» АҚ-ның арнайы тапсырысы бойынша орындалған әрі таяу және алыс шет елдерде аналогы жоқ. Инновациялық жабдық, сондай-ақ көмекші жүйелер кешені магистральдық газ құбыры пайдаланылатын бүкіл кезең ішінде қауіпсіз және технологиялық үздіксіз газ тасымалдауды қамтамасыз ете алады. Бұдан басқа, агрегаттарды әзірлеу кезінде экологиялық құрауышы да ескерілді, компрессорлық станциялар зиянды заттардың атмосфераға барынша аз шығарылуын қамтамасыз ететін құрғақ шығарындыларды басатын жүйемен жарақтандырылған.
Жаңа объектілерді пайдалануға бере отырып, «КазМұнайГаз» ҰҚ АҚ газ тасымалы және маркетинг жөніндегі вице-президенті Қайрат Шәріпбаев: «Отандық газ саласын дамыту мемлекеттік энергия саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев біздің алдымызға экспорттық бағыттарды кеңейту, отандық газ транзитін ұлғайту жөнінде міндеттер қойды. Сондықтан ҚазТранГаз экспорттық газ тасымалдау дәліздерін кеңейтуге, ең озық технологияларды өндіріске енгізуге зор көңіл бөледі, бұл газ магистральдарының ұзақ жылдар бойына іркіліссіз жұмыс істеуіне ғана емес, тасымалдау көлемдерін қажеттілігіне қарай ұлғайтуға да мүмкіндік береді. Мысалы, пайдалануға берілетін компрссорлық станциялар «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының өткізу қабілетін кейіннен ұлғайту мүмкіндігін ескере отырып жобаланған. Яғни 4-ші желі салынған жағдайда жаңа компрссорлық станция салып, оған қомақты ақша жаратуға тура келмейді. Біз барлық бұрмаларды төсеп қойғандықтан, тек жаңа желіні қосу қалды. Бұдан басқа, осы өңірлердің барлық тұтынушыларын газға қосуды қамтамасыз ететін бұрма газ құбырлары көзделген», - деп атап өтті.
Жаңа бағдарламалық әзірлемелерді қолдану жолымен 4 және 8-компрессорлық станцияларды іске қосу қашықтықтан қатынасу арқылы смартфонның көмегімен жүзеге асырылғанын ерекше атап өткен жөн.
Өткен жылы «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының «С» желісі пайдалануға берілгенін еске саламыз. «С» желісі трассасының бағыты Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары бойынша «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбыры «А» және «В» желілерімен бір техникалық дәлізде өтеді, онда осы өңірлердің тұтынушылары үшін газды іріктеу жүргізіледі. «С» желісінің пайдалануға берілуі арқасында ҚазТрансГаз елдің оңтүстік өңірлерінде жылыту маусымында көгілдір отынның тапшылығы проблемасын толық шеше отырып, импорттық газдан бас тартты.
«С» желісінің пайдалануға берілуі және «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының 3 желісінің жұмыс істеуі – тәуелсіз Қазақстанның тарихында ең ірі халықаралық газ тасымалдау жобасы болып табылады.
АНЫҚТАМА: «Қазақстан-Қытай» МГҚ жалпы ұзындығы 7,5 мың км-ден астам «Түрікменстан — Өзбекстан – Қазақстан — Қытай» трансұлттық магистральдық газ құбырының құрамдас бөлігі болып табылады. «Қазақстан — Қытай» магистральдық газ құбыры «С» желісінің ұзындығы 1303 км. құрайды. «Қазақстан — Қытай» газ құбыры «С» желісінің КС-4 және КС-8 компрессорлық станцияларын салу 2014 жылғы наурызда басталып, 2016 жылғы шілдеде аяқталды. КС-4 Жамбыл облысының Т. Рысқұлов ауданы Луговой станциясының кенті маңында орналасқан. КС-8 Алматы облысының Ұйғыр ауданы Шарын кентінің маңында орналасқан. «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының жобалық өнімділігі барлық объектілердің құрылысы аяқталғаннан кейін жылына 55 млрд. текше метрге жетеді.
«ҚазТрансГаз» АҚ-ның Баспасөз қызметі 87172 552316





