Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПРЕСС РЕЛИЗ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру кешенді жоспарды орындау мақсатында 2017 жылғы 24 қараша күні сағат 17.00-де «Жастар» сарайында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнін мерекелеуге арналған салтанатты шара өткізілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қалалық Білім беру және Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармаларымен бірлесіп,  әділдік, адалдық және сатылмаушылық қағидаларын баулуға бағытталған «Үздік шығарма» және «Үздік сурет» байқауын өткізді.

Қазақ тілінде «Үздік шығарма» номинациясының жеңімпаздары   (1 орын) Жеңісхан Дәуіргул, (2 орын) Ахмет Әмір, (3 орын) Шамарданова Айза, Орыс тілінде «Үздік шығарма» номинациясының жеңімпаздары (1 орын) Конырбаев Султан, (2 орын) Иванов Игорь, (3 орын) Родиченко Станислав, «Үздік сурет» номинациясының жеңімпаздары (1 орын) Болат Сағандық, (2 орын) Балтекенова Мадина, (3 орын) Закиров Данил, сонымен қатар «Тақырыпты ашу идеясы» және «Белсенді қатысқаны үшін» дипломдармен марапатталды.

Іс-шарада 500 адамнан астам қатысты.

 
0
0
432

Еще по теме

ПРЕСС РЕЛИЗ - Yvision.kz