Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПРЕСС-РЕЛИЗ

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Астана қаласы бойынша департаменті мен «Нұр Отан» партиясы астаналық «Бірлік» филиалы «Нұр Отан» партиясы «Жемқорлықсыз ел - гүлденген ел» партиялық жобасы аясында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Орталық кеден зертханасы» және «Оқу-әдістемелік орталығы» қызметкерлерінің қатысуымен «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында а.ж. 14 сәуірінде пікірталас алаңын ұйымдастырды.
Диалог алаңының өткізудің мақсаттары мен міндеттері халықты сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті тудыру, халыққа билік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылдап отырған шаралары туралы ақпараттандыру болды. 
Сонымен қатар, кездесу барысында ҚР Президентінің 12-сәуір күні қоғамымыздың түпкі негіздірін қозғайтын ұлттың рухани модернизациясы басталғаны туралы жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы талданды. Қатысушылардың барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруғада дәл рухани, моральдық-этикалық нормалардың түбегейлі рөл атқаратындығы туралы идеяны қолдады

0
0
430

Еще по теме