kk
Default banner
Разное
426 450 постов45 подписчиков
Всяко-разно
0

ПРЕСС-РЕЛИЗ

5 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында 2015-2017 ж.ж. арналған аймақтық жоспардың орындалуын қарау мақсатында арнайы мониторингтік топтың  отырысын өткізді.

Қала әкімі аппаратының мемлекеттік - құқықтық бөлімі басшысы Гаухар Нұрғалиева аймақтық жоспарды іске асыру бойынша баяндама жасады.

Арнайы мониторинг тобының мүшесі, «Нұр Отан» қалалық филиалының партиялық бақылау инспекторы Серік Күлбаев өз сөзінде, аймақтық  іс-шаралар жоспарын жаңарту қажеттілігі туралы, сондай-ақ іс-шаралардың орындалуын бақылауды күшейту, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету керек екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру және «Б» корпусының мемлекеттік қызметкерлерін кешенді аттестаттау туралы Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Роман Ким өз сөзінде, аттестаттау кезінде әдістемелік нұсқаулықты және заңнаманы қатаң сақтау қажет екендігіне тоқталды.

Кездесу қорытындысы бойынша мониторингтік  топ мүшелері аймақтық  іс-шаралар жоспарын орындау үшін нақты ұсыныстар берді.