ПРЕСС –РЕЛИЗ
2014 жылғы 14-қарашада Астана қаласындағы «Жұмбақтас» қонақ үйінің конференц-залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы Астана қаласы әкімдігінің Дін істері басқармасымен бірлесе отырып бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған БАҚ-та дін тақырыбын жариялау бойынша Әдістемелік Кеңестің «Экстремизм мен терроризм тақырыбын БАҚ-та жариялау» тақырыбына арналған кезекті отырысын өткізді.
Семинар жұмысына құрамында отандық танымал ғалым-дінтанушылар, діни бірлестіктер, сарапшы қауым, үкіметтік емес ұйым өкілдері кіретін Әдістемелік Кеңес мүшелері, сондай-ақ қазақстандық БАҚ журналистері белсенді қатысты. .
Іс-шара барысында ғалым-дінтанушылар, сарапшылар мен БАҚ өкілдері, баспасөз құралдарында, телевизиялық БАҚ-тарда және интернет-ресурстарында экстремизм, терроризм және діни радикализмге қарсы тұру тақырыбында жарияланған материалдар бойынша өз пікірлерімен алмасты.