Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПРАЙМЕРИЗДІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ!

Осы тақырыпта «Нұр Отан» партиясы Ескелді аудандық филиалы тарапынан аудандық Ұйымдастыру комитеті және есеп комиссиясының құрамы, Партиялық бақылау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен Skype арқылы селекторлық отырыс өткізілді.

Отырыс барысында аудандық филиалының сектор меңгерушісі С.Копбаева ағымдағы жылы партияның Праймеризі алғашқы рет онлайн форматта өткізілуі айқындалғанын және осы тұрғыда процестерді автоматтандыру мобильді қосымша мен веб-порталды қамтитын «Праймериз» ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылатындығын атап өтті.

Онлайн отырыс қызу өтті. Себебі, қатысушылар өз қызметтеріне байланысты Праймериздің өткізілу барысы туралы сауалдар қойып, толыққанды мағлұмат алды.

Қорытындысында, аудандық филиалы тарапынан барлық тиісті ақпарат қосымша жолданады – деп хабарлады, сектор меңгерушісі С.Копбаева.

1
0
193

Еще по теме