ПРАЙМЕРИЗ: ТАЛҒАРЛЫҚТАР ПІКІР САЙЫСТА ӨЗ ҰСЫНЫСТАРЫН БІЛДІРДІ
Үміткерлер өздерінің сайлауалды бағдарлама жобасын таныстырып, қатысушыларға өзінің алда атқаратын жұмыстарын да айтып өтті. Медиация саласын дамыту, ауданда әлеуметтік мәселелердің шешілуі жолын қарастыру сынды өзекті тақырыпты қозғаған пікір-сайыс барысында үміткерлер оның шешілу жолында ұсынып өтті.
Жалпы, Талғар ауданда праймеризге қатысушы 77 үміткер тіркелген. Олар 13 топқа бөлініп, 30 қыркүйекке дейін пікір сайысқа қатысуды көздеп отыр.
