Перейти к содержимому

«Правда» шындықты айта алды ма?

Бәрімізге аты айқын бүгінде облыстық және қалалық комитет мүшелерінің баспасөз органы саналатын “Огни Алатау” газеті алғашында “Голос Семиречья” кейін, “Правда” болып өзгергенін бірі білсе, бірі біле бермейді. 1919 жылы желтоқсанның 14 жұлдызында “Правда” атымен басылып шығып отырған газет дербес бағытты ұстанды. Газет беттерінде аса маңызды саяси – әлеуметтік, экономикалық мәселелер көтеріліп, осы арқылы халыққа бір мінбер жақын болуға тырысты. Алайда халыққа жақын болса да, шындықты сол күйінде жеткізе алды ма? 

   “Правда” газетінің шығу уақыты Кеңес Үкіметінің қазақ жеріне отарының күшейген тұсына дәл келеді. Сол заманда сөз бостандығы болды деген ат болса да, әр баспасөз органына белгілі мөлшерде тыйым салынып, кей тақырыптарды қозғауға тіпті рұқсат та берілмеген. Қызыл Үкімет басшылығы қазақ еліне деген отарлауды күшейту мақсатында әр аймаққа өз адамдарын жіберіп, тіпті газет, журналдарға редакторлыққа сол тұлғаларды бекіткен. Солардың бірі ретінде “Правданың” басшылығына Д.Фурманов келеді. 

   Фурмановтың келуімен газет 1920 жылы 17 сәуірде біріккен мәжілісте Түркістандық 3 – атқыштар дивизиясының саяси бөлімінің қарамағына өтеді. Бұл олардың басты мақсатын басылым арқылы жүзеге асыруға көмектесті. Газеттің аты өзгеріп, қайта шығу барысында патшалық Ресей тұсында пайда болған ресми және бейресми мазмұндағы бөлімдер жойылды. Яғни, газет беттерінде біртекті жазбалар пайда болды. Бұл газеттің белгілі бір тұлға қарамағында екеніне айқын дәлел. 

     Газеттің журналистік алқасы Фурмановтың өзімен ерте келген кадр журналистерімен және жергілікті кадрлармен толықты. Олардың қатарында, С.Шәкіржанов, Қ.Абдуллин болды. Іріктеуден өткен тілшілер газеттің тұрақты мамандарына айналды. Фурмановтың тапсырмасы бойынша олар аптасына кемінде 1 рет мақала жариялап тұруға міндеттелді. Бұл оларға газеттің айқын мақсатын межелеуге, идеялық мазмұнынан ауытқымауға септігін тигізді. 

    Ал “Правда” газетінің негізгі қамтыған мәселелері қандай болды? Бұл қатарға ауыл шаруашылығындағы жайттар мен шешімін талап ететін жағдаяттар, Қытай жеріне өтіп кеткен, Отанына қайта алмай жүрген қандастарға көмек қолын созу мәселелерін қоса аламыз. Одан бөлек Қызыл армия бөлімшелерін еңбек жағдайына көшіру жайлы мақалалар газеттің әр санында шығып тұрды. Газет халық пен билік арасындағы байланыстың нығаюына біршама көмектесті. 

    Азаматтық соғыс жылдарында шыққан “Правда” газеті басқа баспасөз органдарының сол кезеңде дамуына түрткі болып, өзгеше импульс берді.  Қазақ журналистикасында орын алған “Правда” халық үнін естіртіп, дүйім жұрт санасын оятуға қауқарлы болғанын бәрі дерлік білсе деймін… 


ҚазҰУ-дың 1 курс студенті

Түктібай Мөлдір

 Жетекшісі: фил.ғ.к., доцент Р.С.Жақсылықбаева


0
0
307

Еще по теме

«Правда» шындықты айта алды ма? - Yvision.kz