PR
- Жалпы, PR шет тілдік ұғым болғандықтан, сіз үшін түсініксіздеу болуы таңқаларлық емес. Біраз жыл бұрын біз PR деген ұғым не екенің білмедік. Тек, бар естігеніміз беделді фирмаларда PR менеджерлер бар екенің білеміз. Ал бүгінде, бұл сөзді кез-келген ғимараттың кадр бөлімінде қоғаммен байланысу мақсатында, ойып тұрып орын алатын қажетті маманы. Көбіне бұл салада тілмәш мамандар жұмыс атқарған. Яғни өз ойын адемілеп жеткізе алатын тіл мамандары. PR сөзі – паблик рилейшнз көпшілікпен қарым-қатынас ұғымынан шыққан. Атқаратын негізі қызметі, ұйымның имиджін нығайту барысында жарнамалық жұмыстар атқару,бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау. Қазіргі таңда елімізде PR саласы қарқынды дамуда. Осы саладағы мамандардың басын қосып тәжірбие алмасу мақсатында NOCO ұйымы құрылды. Негізі қызметі елімізде осы саланы дамыту. Сол іспетті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа» кафедрасы өз түлектерін ұясынан ұшырып, жылда білікті маман дайындауда. Әрбір түлек осы мамандықты таңдай отырып, болашағының жарқын, әрі еліміздің аса қажет маманы болатынына сеніммен қадам басуы қажет.Ұстаздар өз шәкірттерімен білім ордасында жиі ашық есік күндерін, тегін мастер класстар, байқаулар өткізеді.Тек білім ордасының ішінде ғана шектелмей, шет мемлекеттермен тығыз қарым-қатынас орнатуда.Жылда қара шаңырағымызбен бірлесе отырып халықаралық конференциялар ұйымдастарып, шәкірттер өз білімдерін шыңдап, тәжірбие алмасып армандарына бір қадам болсын жақындауда. PR болашағынан үлкен үміт күттіретін, сұранысқа ие мамандықтардың бірі.
- Орындаған журналистика факультеті баспа ісі және дизайн кафедрасы Абен Алтынай
- Жетекші Жұртпай Назым
