Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Посещение кандидата в депутаты областного маслихата Махатчины М.А. с избирателями на дому.

Үлкендер ақылы -баға жетпес қазына ғой... Шахтинск қаласына кіре берісте "Шахтинск -үлгілі қала" деген жазу бірден көзге түседі... Бүгін үлкендермен кездеу-канвассинг. Бұл қалада шынымен бір ерекшелік байқалатындай... Облыс орталығынан шет орналасқаны да бар. Бірінші тұрған үй ауласына жақындаған едік, қолына таяғын ұстаған апамыз кездесті, Рымтай апа, қал-жағдай сұрасып, тілдесіп кеттік, "бері кел, жазуды танып тұрмын, Нұр Отан ба, телевизордан да көріп жүрміз, не жаңалықтарың бар" деп бірден сауал астына алды. "Өзгерістер жолы:әр азаматқа лайықты өмір - басты мақсат-бағдар екенін түсіндіре жөнелдік, әбден үнсіз тыңдады, ойға шомылып біраз тұрды да "Елмен біргеміз, өмір жастардікі, өздерің осы бетте тек алға тарта беріңдер" деп бізді шығарып салды, бұл Рымтай анаңыздың тура сөзі. Келесі кездесу алысқа ұзамай- Алтынай анамыздың үйінде өтті, ұл-қызын ұяға қондырған, немере бағып отырған апамыз екен. Өткен өмір жолына шолу жасай отырып, өмірден озған отағасын еске алып, айтып кеткен сөздері бүгінде шынайы қажеттілікке жарауда деп тоқтады, ол "Менің артымда екі байлығым қалады, бірі-балаларым, бірі- оқып, жинаған кітаптарым" деген сөздері деді, бүгінгі күнгі кітап оқудың азайып бара жатқанына қобалжитынын білдірді. Адал істің қайыры бар, ескерусіз қалмайды, жастарға тілерім- еңбектен қашпау керек, жұмыс істеймін деген жанға бүгінде жұмыс бар деп тоқтады. Ия, бұл сөз аумалы -төкпелі кезеңнен өткен, болашақтың жақсы болатынына сенген адамның сөзі еді. Ал орта жас бұған не дейді деп, Ерлан атты азаматпен таныса-тілдескенімізде "қандай еңбек түрімен айналыссаң да оны бағалау керек және талпыну қажет" деп ойын шегеледі. Ия, ойлар ОСЫЛАЙША тоғысты, біз де ойланып қайттық, бастысы - БІЗ БІРГЕМІЗ, шешімін бірге табамыз.... #NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz

Еще по теме

Посещение кандидата в депутаты областного маслихата Махатчины М.А. с избирателями на дому. - Yvision.kz