Посещение кандидата в депутаты областного маслихата Махатчины М.А. с избирателями на дому.
АСЫЛ ардагерлерім, жүректерің неткен дархан еді.....
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету бойға сіңген қасиет, оның үстіне қариясын құрметтеп, жетімін жылатпаған елміз...
"Nur Otan"партиясының әуел бастан-ақ "Ардагерлерді ардақтайық" жобасын шегелей, алдыңғы жолға қойғаны баршаға мәлім, міне, бүгінде CANVASSING тәсіліне сүйене сайлауалды бағдарламамен бөлісу үшін қазынамыз- қарттармен кездесуге бет алдым....
Күн- қыс айы, дала ақ қар жамылғанмен, тайып жығылар жерлер де кездесіп қалады, қарттық жас, денсаулыққа нағыз күтім керек кез, өткен кезеңге ой жүгіртіп, жан-жақтың ісіне баға беріп, саралап, кей жағдайға қынжылып, енді бірінің ісіне қуанып, "болашағым- жарқыным" деп сенімін артып, ой толғауына берілген қарттарды байқадым.
Бірақ, бұл кездесуден кейін қанатым самғады, неге...
Мен ел болашағына арналған жол картасын түсіндіруден бастаған едім, жалғасын өздері -ақ жайып салды, ол:
-тату көршілік белдеуін нығайту;
-отбасы институтын нығайту;
-әр баланың бақытты өмір сүруге құқылығы;
-болашағымыз-жастарды лайықты дайындау;
-қолайлы экономикалық орта қалыптастыру...
Ия, бұл да "Nur Otan" партиясының елімізді таяудағы бес жылда жаңа даму бағытына түсіретін нақты жол картасы, сайлауалды бағдарламасының басымдылықтарының бірі еді.
Әр кездесудің өз ой- түйіні болды,
бірі - елін-жерін көгертем деу жасқа қарамайды, тек адал іспен, бірлік қажет деді,
бірі - бәріміз де лайықты өмір сүру үшін барды бағалап, қадірлейік деді;
бірі- әр азамат Қазақстан Республикасының әнұранын өз отбасында орындауы қажет деген патриоттық сезімді білдірді, бұл әркімді өткенді өлшеп, болашаққа дұрыс таңдауға жол көрсететін сезім деп түйіндеді;
-енді бірі соңғы жылдардағы облысымыздағы экономикалық өсім мәселесінен де хабардар екенін қуана білдірді;
бірі- әр жас өмір жолын таңдауда, ардагерлер ақылы баға жетпес кеме екенін үмытпауы қажет деп шешіп айтты.
Бірақ, әр отбасында жеке кездесу болса да, түпкі ой-тілектері біреу ғана болды, ұрпаққа айтарым - қолыңда барды, жеткен жетістікті бағалап, енді бұдан әрі қалай көркейтсем, сол үшін мен не істеуім қажет деп жоспар құр, уақыт бүгінде көз ілестірмейді, жоспарыңды іске асыр деп болашақ иелеріне кесіп айтқан қарттардың шешімі болды, бұл да аманат...
Тыңдай отырып, жүрегім елжіреді...
Қайран АСЫЛ қарттарым, жүректерің неткен кең- дархан еді, әр сөздерің жүкті арқалай самғауға күш берді...
Біз қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз! Ардагерлердің тілегі мен ақ батасы да осы.
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz
