ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АУДИТ
Талдықорған жоғары политехникалық колледжі ағымдағы жылдың 15-17 қараша аралығында ISO:37001 Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартына сәйкестік аудитінен өтуде.
Осыған байланысты, сондай - ақ жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысу мақсатында бүгін Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж. Жұмабаев NORM TEST халықаралық аудиторы К. Павловпен кездесті.
Кездесу барысында барлық тараптар мемлекеттік ұйымдарда сыбайлас жемқорлықты алдын алудың озық құралдарын енгізудің маңыздылығын талқылап, маңызды жұмыста табыс тіледі.
Айта кету керек, Талдықорған политехникалық колледжі сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың халықаралық тәжірибесін алған Қазақстандағы алғашқы мемлекеттік мекемелердің бірі.
