ПОЭТИКАЛЫҚ ДУЭЛЬ
Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Алдаспан» ақындар клубының ұйымдастыруымен Екібастұздық «Аманат» клубының ақындарымен поэтикалық дуэль өтті. Қарсыластар арасында жеребі тандалып, ақындар бір-бірімен сайысқа түсті. Әр түлі өлеңдер оқылып, ақындар жаңалықтарымен бөлісті.

Біздің ғасырымыздың әрбір күні бір-бір жаңалық, календарьдың жұлынған әр парағы бір-бір тарих болып отыр. Кешегі жаңалық бүгін үшін тарих. Бүгінгі жаңалықты ертеңгі күні тарихқа айналдыратын да сол жаңалық. Жаңалықты жаңалық қана ескірте алады. Бүгінгідей, эстрада мен космостың, химия мен футболдың заманында, поэзия атқарар істің, поэзия көтерер жүктің зорайып, ауырлап көрген кезі жоқ шығар. Поэзияның жаңашыл жанр екені жалпыға аян. Ол жаңаның жаңасын, жақсының жақсысын, кешегі күннің тәжірибесіне сүйене отырып, ертеңгі күнге естіртіп, соған өлшеп айтуға тиіс.

Мұқали, Абайдың өлеңдерін жатқа айтса, өз жазған өлеңдеріне пікір алды. Екібастұздық ақын Еламан Төлеутай «Ол қайтып келеді бүгін...» атты өлеңдер жинағын жарық шығарып «Алдаспандық» ақындармен қуанышын бөлісе келген. Екі клуб ақындары арасында өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында өткізілген бұл іс-шара жастардың көңілінен шықты.
