Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАС ҒАЛЫМЫ АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында, «Кенжекөл жастары» ЖҚБ жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен жыл сайынғы жас ғалымдар байқауын өткізді. 5 желтоқсан күні Жастарға бастамаларын дамыту орталығында облыс әкімінің орынбасары Мейрам Мұхаметрахымұлы Бегентаевтың қатысуымен «Жас ғалым-2016» облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Байқауға индустрияның түрлі саласынан биотехнологиялар, ауыл шаруашылығы, экология, білім беру салаларында жұмыс істейтін 35-тен астам жас ғалым қатысты.

Байқау екі бағыт бойынша өткізілді: үздік жас ғалым және үздік инновациялық жоба.

Байқаудың қорытындысы бойынша, «Жас магистр» номинациясында С. Торайғыров атындағы PhD докторантурасының 3-курс студенті Уәлиева Римма жеңіп алса, «Жас PhD докторы» номинациясы PhD докторы Машрапов Бауыржанға бұйырды.

Облыстық байқаудағы  ІІІ орынды Назарбаев мектебінің оқушысы Еділов Азат қанжығасына байласа, ІІ орынды  С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Айтбаев Әсетке бұйырды. «Жас ғалым-2016» облыстық байқау «Үздік инновациялық жоба» номинациясын І орын  Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкері, жұмысшы жастардың өкілі Сель Денис иеленді.

Барлық қатысушылар сертификаттар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.

 
0
0
510

Еще по теме

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАС ҒАЛЫМЫ АНЫҚТАЛДЫ - Yvision.kz