Павлодар облысында кезектен тыс конференциялар бастау алды
Пандемияны ескере отырып, конференция барысында әлеуметтік қашықтықты сақтап, онлайн форматта өтті. Делегаттар конференция жұмысына бейнеконференцбайланыс режимінде қатысты.
Бес ауданда өткен кезектен тыс конференциялардың қорытындысы бойынша, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы бекітілді. Өткізілген пікірсайыстар қорытындысы бойынша кандидаттар үшін дауыс беру өткізілді. Конференция соңында аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімдер және "Nur Otan" партиясы Павлодар облыстық филиалының кезектен тыс XXX конференциясына делегаттар тізімі бекітілді.

