Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫ «ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫ «ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» КММ
Жастарға қызмет көрсеті орталығы
Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы жаһандағы жастардың тіршілік етудің өзекті мәселелері бойынша көмек көрсету мақсатында құрылған. Дәл осында аймақтық жастар саясаты қызметі және барлық бағыттары бойынша жастарға қызмет көрсетеді.
Орталық қызметінің бірінші бағыты: жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу
Аталған қызмет жастарды жұмысқа орналастыру бойынша қызметтерді іске асыруға, бос қызмет орындары туралы ақпаратты ұсынуға бағытталған. Осы бағыттың онлайн тәртібінде жұмыс жүргізілуі жоспарланады. Қазіргі таңда, Палодар облысы бойынша жұмыссыз жастардың дерекқор мәліметі қалыптасқан.
Орталық қызметінің екінші бағыты: тұрғын-үй мәселелерін шешуге жәрдемдесу
Жастарға қызмет көрсету орталығында «Қолжетімді тұрғын-үй – 2020», «Жалға берілетін тұрғын-үй» мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпарат ұсынылуда. Қазіргі таңда баспана жағдайын жақсартам деушілерге, барлық бағыттар және жастардың барлық санаты бойынша құжаттар қабылданып жатыр, әртүрлі кеңес беріліп,  қажетті жағдайда банк басшыларымен кездесу ұйымдастыру және әрбір клиент үшін аса тиімді жағдай жасау қарастырылуда.
Орталық қызметінің үшінші бағыты: жас кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге бағытталған қызмет
Кеңес беріп, үйретуші семинарлар өтеді. Орталықтың аталған бағыты, жастардың инновациялық идеясы және бизнес-жобасы дерекқорымен жұмыс жасайды.
Орталық қызметінің бесінші бағыты: заңды көмек көрсету
ЖҚКО-ға келген жас жігіт, өзін қызықтырған барлық мәселелері бойынша заңгердің қажетті білікті кеңесін алу мүмкіндігіне ие.
Орталық қызметінің алтыншы бағыты: білім беру және жастардың бос уақытын ұйымдастыруға жәрдемдесу
Аталған бағыт жастарға Павлодар облысының ЖОО-нда және ОАОО-да оқу бойынша кеңес алуға біліктілігін арттыру және тәжірибе өту бойынша қайта дайындаудан өтуге мүмкіндік береді.
Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ
Негізгі қызметі: аймақтық деңгейде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға жәрдемдесу.
Негізгі қызметі: жасөспірімдер мен жастардың патриоттық ой-санасын қалыптастыру, олардың рухани адамгершілік, зияткерлік, шығармашылық және дене мүмкіндігін дамыту.
Орталықта 3 бөлім қызметін іске асыруда:
1) Жастардың әлеуметтік мәселелері жөніндегі ақпараттық-кеңестік бөлім;
2) Патриоттық тәрбие және имиджді жобаларды іске асыру бөлімі;
3) Білім беру және жастардың бос уақытын ұйымдастыруға жәрдемедесу бөлімі.
Адрес
Республика Казахстан
г. Павлодар, 140000
ул. Ломова, 38
тел: 8 (7182) 66 12 56
66 12 47,66 12 45,66 12 43
 

0
0
2379

Еще по теме