ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ
26 мамыр күні аудандық «Nur Otan» филиалының мәжіліс залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған және болашақта атқарылатын жұмыстар бойынша кездесу өтті. Кездесуде жыл бойы жүзеге асқан жобалардан бейнеролик көрсетілді.
📷Аз ғана уақыт ішінде бұл жоба аясында ауданымызда ел перзенттерінің арқасында бірқатар жұмыстар атқарылды. Игі істі атқаруда ауылдық округ түлектері көш бастап тұрғаны жасырын емес. Бұл дегеніңіз бүгінгі ұрпақтың елге деген патриоттық сезімінің оянуы. Жыл сайынғы істерді көз көріп, көңіл қуанады. Әлбетте алтын ұя мектепті тәмамдаған түлектер біздің аудан орталығында да бар. Әріден бастасақ жоғарғы лауазымда жүріп, ел басқарып, кәсібін дөңгелеткен елдің түлектері еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүр. Егер әр жылғы түлектер жұдырықтай жұмылып, жақсы істерді қолға алса, аудан орталығы мемлекеттің қаражатынсыз-ақ баяғыда көркейіп кетуші еді. Қолға алсақ, бірауыздан қолдасақ мемлекеттің қаражатына мүмкін болмайтын ауқымды жобалар бар түлектермен тындыруға болатын. Жасыратыны жоқ, орталықтағы қос мектептің түлектері ауыз толтырып айтатын игі істің жоқтығы бәрімізді қыңжылтады. 21 ғасыр. Алақан жайып, ауылды үкімет көркейтеді деген пікір жоғалды. Керағар пікірден аулақ болып, туған жерге қызмет етуіміз керек. Сіз бен бізге бақытты балалық шақ сыйлап, топырағында аунап қунаған туған өлкеге қызмет жасайтын уақыт жетті. Сондықтанда «Мен ауылыма қандай қызмет жасай аламын?» деген сауал казталовтық әр перзенттің санасында сақталу қажет. Кездесудің де мақсаты осы. Аудандық әкімдік бастап, қоғамдық ұйымдар қостап, түлектердің ендігі тірлігін тілге тиек ету еді. Ұтымды ұсыныстарын бір арнаға тоғыстырып, алдағы арнада тұрған жобаларды ұйымшылдықпен жүзеге асыру еді.
📷Жиырма екінің жарқын жобаларының бірі Шарафутдинов көшесі бойындағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, хабарсыз кеткен жерлестерге арналған ескерткішті, С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығы жанындағы саябақта орналасқан қуғын-сүргін құрбандарына арналған белгіні, Чапаев алаңындағы ескерткішті және Қазақстандағы ашаршылық кезеңінің 100 жыл толуына орай жасалғалы жатқан «Бесеудің хаты» композициясын «Жеңіс» саябағына орналастыру. Себебі халқымыздың жүріп өткен тарихына бас иіп, тағзым ету шаралары басқа да істердің атқарылуы үшін тиімді болмақ. Сонымен қатар «Жеңіс» саябағын жас ұрпаққа өткен тарихты терең білулеріне және патриоттық рухты бойларына сіңіру үшін ашық аспан астындағы саябақ кешеніне айналдыру мақсаты тұр. Осыны ескере келіп ауданның жастар бірлестіктері, қоғамдық ұйымдары, әр жылдары мектеп бітіруші түлектері, кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары және қарапайым тұрғындары бір кісідей атсалысып, игі істің атқарылуына қол ұштарын созады деп білеміз. Бабалар рухына тағзым етіп, санамызды рухани жаңғыртайық! Осы бағыттағы жұмыстар бүгіннен басталып кетті.
📷Үлес қосу үшін «Казталов-Жәрдем» қоғамдық қорының есеп шоты жұмыс жасайтынын хабарлаймыз!
«Казталов-Жәрдем» қоғамдық қоры
№KZ 52563L350000050782
БИК KPSTKZKA
БИН 101 040 004 658 (М.Бектілеуов)
АО КАЗПОЧТА

