Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Партийный мониторинг по вопросам трудоустройства и занятости лиц с ограниченными возможностями.

БҰҰ Ассамблеясы 3 желтоқсанды мүгедектердің мәселелеріне назар аудару, олардың қадір-қасиетін, құқықтары мен әл-ауқатын қорғау, мүгедектердің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірге қатысуынан алатын артықшылықтарға қоғамның назарын аудару мақсатында Халықаралық мүгедектер күні деп жариялады.

Еңбекке қабілетті жастағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың тіршілік әрекетін қамтамасыз етудің негізгі нысаны олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтудың кепілі олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады, осы мақсатта Егіндікөл ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Осы күн аясында "Nur Otan" партиясының аудандық филиалы Егіндікөл ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту мәселелері бойынша партиялық мониторинг жүргізді.

Жыл басынан бері Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша барлығы 234 адам жүгінді. Оның ішінде 140 адам жұмыссыз ретінде тіркелсе, 66 адам өзін - өзі жұмыспен қамтығандар, 168 адам жұмыс іздеп жүргендер. Бос жұмыс орындарына 126 адам, инфрақұрылымдық жобаларға 72 адам жұмысқа орналастырылды. Мүмкіндігі шектеулі 6 адам жұмысқа орналасты.

Қысқа мерзімді оқуға есепші мамандығы бойынша 11 адам жіберілді. Өтініш білдірген алты адамға шағын несие беріліп, алты адам бизнес ашу үшін мемлекеттік гранттар алды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 7 адам, жастар практикасы бойынша - 16 адам, қоғамдық жұмыстарға - 67 адам жұмысқа орналастырылды.

Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс жастар арасында жүргізіледі. Серік Жұлдыз, 1994 жылы туған, ІІІ топтағы мүгедек жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп, аудандық аурухананы күрделі жөндеу жобасына жіберілді, кейін "Жігер-Көкше"ЖШС-не жұмысқа орналастырылды.

Жұмыспен қамту орталығында азаматтардың барлық өтініштері мен арыздары мұқият қаралады, Орталық қызметкерлері одан әрі жұмысқа орналасу үшін бос жұмыс орындарын ұсынады, бұл "Кедергісіз келешек"партиялық жобасын іске асыру шеңберінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту мәселелері бойынша партиялық мониторинг барысында атап өтілді. Бұл мәселе "Nur Otan"партиясының тұрақты бақылауында. *********************************************** Ассамблея ООН провозгласила 3 декабря Международным днем инвалидов, с целью привлечения внимания к проблемам инвалидов, защиты их достоинства, прав и благополучия, на привлечение внимания общества на преимущества, которые оно получает от участия инвалидов в политической, социальной, экономической и культурной жизни.

Основной формой обеспечения жизнедеятельности людей с ограниченными возможностями трудоспособного возраста является обеспечение их занятости. Гарантией трудовой занятости лиц с ограниченными возможностями выступает повышение их конкурентоспособности на рынке труда, с этой целью в Егиндыкольском районе проводится работа по трудоустройству, в том числе инвалидов.

В рамках данного Дня районным филиалом партии «Nur Otan» был проведен партийный мониторинг по вопросам трудоустройства и занятости лиц с ограниченными возможностями в Егиндыкольском районе.

С начала года по вопросам трудоустройства в Центр занятости Егиндыкольского района обратилось всего 234 человека. Из них зарегистрированы в качестве безработных 140 человек, самозанятых - 66, лиц, ищущих работу - 168 человек. На свободные вакансии было трудоустроено 126 обратившихся, на инфраструктурные проекты - 72. Получили работу 6 лиц с ограниченными возможностями.

На краткосрочное обучение направлено 11 человек по специальности бухгалтер. Шести обратившимся были выданы микрокредиты, шесть человек получили государственные гранты для открытия бизнеса.

На социальные рабочие места трудоустроено 7 человек, по молодежной практике - 16, на общественные работы - 67.

Также работа по трудоустройству лиц с органиченными возможностями проводится проводится среди молодежи. Серік Жұлдыз, 1994 года рождения, инвалид ІІІ группы зарегистрирована в Центре занятости в качестве безработной и направлена на проект Капитальный ремонт районной больницы, позже была трудоустроена в в ТОО «Жігер-Көкше».

Все обращения и заявление граждан в Центре занятости тщательно рассматриваются, сотрудники Центра предлагают имеющиеся вакансии для дальнейшего трудоустройства,что было отмечено в ходе партийного мониторинга по вопросам трудоустройства и занятости лиц с ограниченными возможностями в рамках реализации партийного проекта «Кедергісіз келешек». Данный вопрос находится на постоянном контроле партии «Nur Otan».

0
0
132

Еще по теме