ПАРТИЯНЫҢ ЖАҢА ТҰҒЫРНАМАСЫ ТАЛҚЫҒА ТҮСУДЕ
Күні бүгін "AMANAT" партиясының жаңа Саяси тұғырнамасы еліміз бойынша барлық бастауыш партия ұйымдарының жиналыстар мен конференцияларда партия мүшелері арасында қызу талқыға түсуде. 3 тараудан тұратын саяси құжатты аудандағы партияластарымызда талқылап өз ұсыныстарын жеткізуде. Әр бөлімге қатысты жақсы ұсыныстарға тоқталар болсам,
І. "БІЗДІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ - АДАМ" - деп аталатын тараудың "Халық саулығы" бөлімінде - "Заманауи емханалар мен ауруханалар, зертханалар жеткілікті болуы қажет" деген тұсқа қосымша ретінде, "ӘСІРЕСЕ ТҮРЛІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АПАТТАР ОРЫН АЛҒАН ӨҢІРЛЕРГЕ КӨҢІЛ БӨЛЕМІЗ" сөз тіркестері.
ІІ. "АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ - ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ" -деп аталатын тараудың "Жастар - ел болашағы" бөліміне "АУЫЛ ЖАСТАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАҢА БАҒДАРЛАМА ЖАСАҚТАП, ОЛАРДЫҢ ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРІНДЕ ТҰРАҚТАП ҚАЛУЫНА МҮМКІНДІК ТУДЫРАМЫЗ" деген қосымша.
ІІІ. "МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ БІЗ" - деп аталатын тараудың "Ұлттық қауіпсіздік" бөлімінде "Сыртқы саясат дипломатиялық құралдар арқылы Қазақстанның ұлттық мүддесін қорғау керек" деген тұсқа қосымша ретінде "СОНДАЙ-АҚ, ШЕКАРАЛАС АУДАНДАРДЫҢ ДАМУЫНА БАСЫМДЫЛЫҚ БЕРІЛУІ ҚАЖЕТ" деген сөз тіркестерін қосу ұсынылды.
Партия мүшелерінің берген ұсынымдары ескеріліп, саяси құжат ел дамуының бағыт-бағдарына айналады деген ойдамын.
Исатай Құрмашев - "AMANAT" партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының атқарушы хатшысы
