ПАРТИЯНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫН КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРІП ӨТТІ
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер азамат Ержан Құдайберген Ордабасы ауданындағы агитациялық іссапарын Шұбарсу ауылында «Есіктен есікке» акциясы аясында жалғастырды. Кандидат әдетінше «Nur Otan» партиясын насихаттады. Партияның Сайлауалды бағдарламасында түзілген жүйелі, нақты жұмыстарды халық назарына ұсынды. Алдағы 5 жылда республика көлемінде, қала берді облыс, ауданда нендей ілкімді істер жүзеге асатынын баса айтты. Сонымен бірге сайлауда жеңіп шықса халықтың мұң-мұқтажын, ұсыныс-тілектерін барынша тыңдап, оларды орындауға барын салатынын жеткізіп бақты.
Сайлаушылар да үміткердің сөздеріне ден қойып, үгіт-насихат үнқағаздарымен танысып болған соң, партияға сенім білдіретіндерін айтқан болатын.
