Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПАРТИЯНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ - МӨРІ ҚОЙЫЛЫП, КАБИНЕТТЕ ҚАЛАТЫН ҚАҒАЗ ЕМЕС!

ПАРТИЯНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ - МӨРІ ҚОЙЫЛЫП, КАБИНЕТТЕ ҚАЛАТЫН ҚАҒАЗ ЕМЕС!

Бүгін, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттығына үміткер, шалғай ауылда балалар дәрігері ретінде қызмет етіп жүрген қоғам белсендісі - Сабира Сүндетова, әлеуметтік желідегі парақшасында "Үміткерге сұрақ" тақырыбында тікелей эфир өткізді.

Тікелей эфир кезінде үміткер, үш тарап бойынша ойын ашып, көзқарасын жеткізді. Оның біріншісі - алыс ауылдан Парламент табалдырығына дейін келе жатқан Сабираның ұстанымы, екіншісі - "Nur Otan" партиясының ұстанымы, үшіншісі - Халықтың сайлауда дұрыс таңдау жасаудағы ұстанымы бойынша көрермендермен нәтижелі әңгімелесу өткізді.

- "Қала медицинасы" мен "Ауыл медицинасы" деген теңсіздікті ашық көрсететін жағдайлардың алдын алу үшін ауылға келетін мамандарды тұрақты ұстап қалатын талаптарды жасау керекпіз - дейді өз сөзінде үміткер. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі және мүгедек жандарды ортаға араластырып, өздерін қоғамда еркін сезінетін шараларды көбірек ұйымдастыру керек екендігін айтты.

Тікелей эфир аясында көрермендерден көптеген сұрақ-ұсыныстар келіп түсті. Оның ішінде "Ана тілдің мәртебесі" және "Тұрғын үй", "Кәсіпкерлік" секілді тақырыптар да қамтылып үлгерді.

" Nur_7777_ " есімді инста-пайдаланушы, дипломмен ауылға бағдарламасының әлеуметтік пакеттеріне өзгерістер керек екендігін, жұмыстың болып, тұрғын үйдің болмауы немесе несиеге үй алу - жас мамандардың ауылдан мәжбүрлі кетуіне себеп болып жатқандығын жеткізді. Бұл орайда, үміткер "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын алға тарта отырып, партия бағдарламасы - мөрі қойылып, кабинетте қалатын қағаз емес, біз бұл мәселелер жолында шешім табу үшін жұмылатын боламыз деді.

#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo

қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

преодолев испытания, победим вместе!

0
0
120

Еще по теме

ПАРТИЯНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ - МӨРІ ҚОЙЫЛЫП, КАБИНЕТТЕ ҚАЛАТЫН ҚАҒАЗ ЕМЕС! - Yvision.kz