ПАРТИЯНЫҢ АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.
«AMANAT» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының партия актив жиыны өткізілді. Партияның актив жиынына «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Н.Даумов, аудандық Саяси кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, мекеме-ұйым басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және партияның белсенді мүшелері қатысты. Күн тәртібінде бір ғана мәселе Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағымдағы жылдың 1 қыркүйегі күні Қазақстан халқына жолдаған «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ: БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауын талқылау, халық арасында насихаттау, одан туындайтын міндеттерді аудан көлемінде партия тарапынан қолдау білдіріп, орындалуына жұмыстану. Актив жиыны барысында «AMANAT» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының атқарушы хатшысы И.Құрмашев, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қ.Елемесов, медицина саласының ардагері, партия белсендісі Н.Нүркенова, білім саласының қызметкері, көп балалы ана Г.Сариева сөз сөйлеп, «AMANAT» партиясының аудандық филиалы, партия белсенділері маңызды міндеттер, түйінді тапсырмалар тізбектелген Президент Жолдауын толығымен қолдайтындығын және оны жүзеге асыруға партияның жүйелі түрде жұмыстанатындықтарын жеткізді. Партия жиналысының күн тәртібіндегі мәселе толығымен қаралып, тиісті қарар қабылданды және тапсырмалар бекітілді. Жиынды «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Н.Даумов қорытындылап жапты.
